
2024 жылғы 16 шілдеде Қырғыз Республикасы делегациясының М.Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына (АҚИҰҒО) сапары өтті.
Сапар аясында АҚИҰҒО қызметімен танысу ұйымдастырылды, сондай-ақ Комитет төрағасы Н.Сәдуақасовтың Қырғыз Республикасының делегациясымен кездесуі өтіп онда биологиялық қауіпсіздік пен өзара тәжірибе алмасуға қатысты мәселелер талқыланды.
Атап айтқанда, ғылыми негізделген тәсілдерге, қазіргі заманғы дәлелді медицина қағидаттарына негізделген биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі және Қазақстан халқының денсаулығына қауіпті биологиялық факторлардың әсер ету деңгейін төмендетудегі АҚИҰҒО тәжірибесі таныстырылды.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар биологиялық қауіпсіздік, кадрлар даярлау және аса қауіпті инфекциялардың трансшекаралық ошақтарын зерттеу мәселелерінің маңыздылығын атап өтті Тараптар одан әрі ынтымақтастық және биологиялық қауіпсіздік саласындағы бірлескен жұмысты тереңдету жөнінде нақты ұсыныстар дайындауға келісті