
2024 жылғы 12 шілдеде Комитетте Zoom платформасы арқылы Шымкент, Тараз, Қызылорда, Арал, Атырау, Орал, Ақтөбе, Ақтау және Талдықорған қалаларындағы республикалық мемлекеттік мекемелер – обаға қарсы күрес станцияларында көрсетілген мекемелердің басшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Талқылау шеңберінде бірқатар проблемалық мәселелер талқыланып, оларды шешу бойынша нақты нұсқаулар берілді.
Жалпы, іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылардың назары мекемелердің ұйымдастырушық-басқару қызметінде ел заңнамасын қатаң сақтаудың қажеттігіне аударылды. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту және олардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыруға күш салу ұсынылды.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда