
Соңғы жылдары жол бойындағы дәретханалардың жағдайы жұртшылық тарапынан үлкен сынға ұшырады.
Бұл мәселе мемлекеттің имиджіне ғана емес, азаматтардың денсаулығына, сондай-ақ олардың құқықтарын құрметтеуге және елдің туристік әлеуетін дамытуға қатысты
Бас көлік прокуратурасының талабына байланысты санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың бойында орналасқан барлық қоғамдық дәретханаларға ауқымды тексерулер жүргізуді аяқтады.
Бүгінгі күні жүргізілген тексерулер барысында жол бойындағы 52 дәретханада санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың өрескел бұзушылықтары анықталды.
Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол ҰК АҚ және «Қажсервис ЖШС қатысты әкімшілік іс қозғалды және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.