«Атамекен» ҰКП техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім анықталған кезде жедел ден қою шараларын талқылады

«Атамекен» ҰКП техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім анықталған кезде жедел ден қою шараларын талқылады

Бүгін Комитет төрағасы Н. Сәдуақасов «Атамекен ҰКП жанындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің (кеңес) жұмысына қатысып, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қоюды және кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидаларының нормаларын түсіндірді.

Кеңеске қатысушылар сондай-ақ жедел ден қою шараларын, атап айтқанда мемлекеттік бақылауды жүзеге асырылатын ішкі сауда объектісінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді сатудан алу және кері қайтарып алу мәселелерін талқылады.

 Осылайша, жедел ден қою шараларын, егер бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі, тауары (жұмысы, қызметі) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, ҚР Ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін болса, бақылау және қадағалау органдары ҚР заңдарында көзделген жағдайларда қолданады.