
Мемлекет Басшысының дәрілік заттарды сату кезінде бағалардың сақталуын бақылау, жалған заттарды заңсыз сату фактілерін анықтау және таралуының жолын кесу жөніндегі нұсқауларын орындау үшін, іс – шаралар жүргізу барысында, Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетіг қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің , сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, полиция Департаментінің қызметкерлері Тараз қаласы, Талас көшесі, 100 ("NUR $ MEREY" ЖШС) мекен-жайы бойынша орналасқан дәріханада рецептсіз дәрілік заттарды жоғары бағамен сатылғандығын анықтады.
Департамент қызметкерлері Тараз қаласының базарларында жеке тұлғалардың ацетилсалицил қышқылын (аспирин) және парацетамолды қолдан сату фактілерін анықтады, ҚР ӘҚБтК 426-бабының 1-бөлігі бойынша дәрілік заттарды сатып алу, сақтау және сату ережелерін бұзғаны үшін 5 хаттама толтырылды, 486150 теңге сомасына 5 айыппұл салынды. Сондай-ақ, осы фактілер бойынша препараттар ҚР дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген, қосымша 3 әкімшілік хаттама қозғалып, ҚР ӘҚБК 426-бабының 3-бөлігі бойынша қарау үшін сот органдарына берілді.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жеке тұлғаның "ЦЕФ - 3" құтысын сатқаны анықталған, онда "Тегін" мөрі табылған және Тараз қаласы, "Бәйтерек" шағын ауданында орналасқан Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы көрсетілген. ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-бөлігі бойынша сатушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материалдар Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді.
Әлеуметтік желілерде жеке тұлғалар орналастырған хабарламалар бойынша дәрілік препараттарды сату жағдайлары анықталуда. Сонымен қатар, инстаграм желісіндегі хабарландыру арқылы " Цефамед" препаратының 13 қаптамасын сату факті бойынша, ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалып, сондай-ақ ҚР-да дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген препаратты сату фактісі бойынша материал сот органдарына ҚР ӘҚБК 426-бабының 3-бөлігі бойынша қарау үшін берілетін болады.
Департамент қызметкерлері "Шөлдала" азық-түлік дүкенінде ацетилсалицил қышқылын сатылғанын анықтады, ҚР ӘҚБК 426-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды, сондай-ақ ҚР дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген препараттарды сату фактісі бойынша материалдар ҚР ӘҚБК 426-бабының 3-бөлігі бойынша қарау үшін сот органдарына беріледі.
Бұдан әрі мониторинг тобының жұмысы жалғасатын болады.