
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ұжымы әріптесіміз – Алматы облысының бас санитариялық дәрігері – облыстың тауар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау депратаментінің басшысы Баймұхамбетов Қайрат Қажыманұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ол парасатты, қайырымды, керемет адам, өз ісінің кәсіпқой маманы ретінде танылды. Ол жұмысына деген адалдығы арқасында оның айналасындағылардың оған деген аса жоғары құрметіне, ыстық ықыласына ие болды. Ол COVID-19-бен күресте өзін аямай әрдайым алдыңғы қатардан табылды. Ол біздің санамызда бүкіл саналы ғұмырын денсаулық саласына арнаған, оның көмегіне мұқтаж жандарға көмегін көрсетуге әрдайым дайын тұратын адам ретінде есте қалады.Жаныңыз жәннатта, топырағыңыз торқа болсын.