
Медицина қызметкері күні құтты болсын
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова Комитет ұжымын кәсіби мереке – Медицина қызметкері күнімен құттықтады
Айжан Есмағамбетова Комитет ұжымына ардагерлерге және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің күн сайын жоғары кәсібилік пен өз ісіне адал қызмет етіп жүген барлық мамандарына алғысын білдірді:
"Осы мереке күні құрметті әріптестер сіздердің күнделікті қажырлы еңбектеріңіз үшін сіздерге ризашылығымды білдіргім келеді Сіздерге еңбекте табыс, жоғары жетістіктер тілеймін қызметтеріңіз сіздерді тек биіктерден көрсетсін Әрқашан бақытты белсенді сүйікті және позитивті болыңыздар Мереке құтты болсын
Одан әрі салтанатты жағдайда мереке құрметіне ардагерлер мен ерекше көзге түскен қызметкерлерге ведомстволық наградалар құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді
Іс-шара концерттік бағдарламамен және жалпы фотосуретпен аяқталды
PS: Комитет барлық әріптестерді медицина қызметкерлері күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Сіздер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласының дамуына үлес қосып келесіздер. Мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздерге бақыт, шаттық, жауапты қызметтеріңізге қажымас қайрат пен табыс тілейміз!