Астанада сарапшылар өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Астанада сарапшылар өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін талқылады

2024 жылғы 30-31 мамырда Астана қаласында мемлекеттік органдар, бизнес, ҮЕҰ және халықаралық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференция өтті.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің атынан Комитет төрағасы Н.Сәдуақасов қатысты.

Өз баяндамасында Н.Сәдуақасов өнеркәсіп қызметкерлерінің кәсіби денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған реттеуші құрал ретінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы талдамалық ақпаратпен бөлісті. "Кәсіптік ауруды талдау көрсеткендей 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы кәсіптік аурулардың саны 127 жағдайға азайды", - деп атап өтті Н. Сәдуақасов.

Сонымен қатар, Комитет төрағасы қатысушылардың назарын жалпы кәсіптік денсаулық мәселелерін жақсарту жөніндегі іс-шараларды көздейтін мемлекеттің бақылау функцияларын айқындайтын құжаттарға аударды. Атап айтқанда, ол Қарағанды медициналық институтын "Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы"КЕАҚ-ға қайта құру жолымен еңбек медицинасын жетілдіру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Сөз соңында Н. Сәдуақасов аталған институтты кәсіби денсаулық мәселелері бойынша ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимыл алаңы ретінде белгілеуді ұсынды, онда еңбек гигиенасы мен медицинасының практикалық мәселелері, сондай-ақ қолданбалы және іргелі ғылым мәселелері талқыланады.