
2024 жылғы 29-31 мамырда Астана қаласында мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ және АЭХА өкілдерінің қатысуымен Қазақстандағы АЭС мәселелері бойынша семинар өтті.
Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің атынан Комитеттің басқарма басшысы Ж.Алпысбаев қатысты.
Семинар барысында қатысушылар халық арасында АЭС салу мәселелерін түсіндіру бағдарламалары бойынша халықаралық шолуды зерделеді.
Қазақстанда АЭС құрылысының дайындық кезеңінде жұртшылықпен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ осы саладағы ықтимал тәуекелдерді қарастырды.
Семинар нәтижесінде АЭС мәселелері бойынша мүдделі тараптардың картасын құру, оның ішінде нақты мақсатты аудиторияны анықтау, қажетті контентті қалыптастыру, тәуекелді мәселелерді анықтау, ақпараттық жұмысты талдау және бағалау бойынша ұсынымдар әзірленді.