
Комитет және оның аумақтық бөлімшелері жазғы сауықтыру маусымы қарсаңында қала сыртындағы балалар лагерьлерінде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізуде.
Алдын алу шаралары. Биылғы жылы сумен жабдықтаудың жай-күйін, тамақ өнімдерінің сапасын және балалар тұратын жерлерде гигиена нормаларының сақталуын бақылау шаралары күшейтілетін болады. Әр лагерьде қажетті көмек көрсету үшін медициналық персоналдың болуы қарастырылған.
Әрбір лагерьге бекітілген ықтимал эпидемиологиялық жағдайларға дайындық деңгейін арттыру мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары сауықтыру лагерьлерінің қызметкерлері үшін 100-ден астам оқыту семинарларын өткізді, 163 лагерьде санитариялық қағидалардың талаптары бойынша консультациялар мен түсіндірмелер ұйымдастырылды, оларды сақтау ашылуға рұқсат алу үшін қажет.
Балалар мен олардың ата-аналарына жеке гигиена және жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық кампаниялар ұйымдастырылды. Әлеуметтік желілерде, сондай-ақ лагерьлерде таратылатын жадынамалар мен ұсыныстар әзірленді.
Мониторинг және бақылау. Шомылу орындарында су айдындарының 95 су сынамасы және топырақтың 41 сынамасы іріктеліп алынды, зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша сынамалар гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді.
45 маусымдық қала сыртындағы лагерь мониторинпен қамтылды (Ақмола – 9, Жетісу – 5, Қостанай – 6, Қызылорда – 8, Павлодар – 7, Солтүстік Қазақстан облысы-10).
Маусым бойы су айдындары мен бассендердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізілетін болады.
Балалардың жазғы лагерьде қауіпсіз болуының негізгі талаптары: лагерь аумағы қоршалуы, ауыз суды үздіксіз беру, ыстық сумен жабдықтау, кәріз, жарықтандыру, желдету ұйымдастырылуы тиіс. Барлық үй-жайлар таза болуы тиіс, рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күнделікті тазалау жүргізілуі тиіс. Сауықтыру лагерлерінде күніне бес рет тамақтану көзделеді және медициналық қызмет көрсетіледі.
Балалардың қауіпсіз демалуы үшін келесі ұсынымдарды орындау қажет.
Жазғы балалар ұйымдарының иелеріне:
Ата-аналарға: