
Кеше Астана қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен
БАҚ өкілдеріне арналған адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинация мәселелері бойынша республикалық семинар-тренинг өтті.
Іс-шара қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері мен редакторларының АПВ-ға қарсы вакцинация мәселелерінде хабардарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Семинарға қатысушылар: республикалық БАҚ өкілдері, Денсаулық сақтау министрлігінің иммундау жөніндегі сарапшылары, ҚДСҰО, ҚазОРҒЗИ, ҮЕҰ мамандары жұқпалы емес аурулардың өсуіне байланысты заманауи сын-қатерлерді қарастырып, АПВ вакциналарының қауіпсіздігі мен ықпалына қатысты мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ, сұрақ-жауап сессиясында қатысушылар вакцинация науқанын жүргізудегі коммуникациялық міндеттерді, мақсатты аудиториялардың сұрауларын, иммундау мәселелері бойынша мифтер мен фейктерді талқылады.
Семинар соңында қатысушылар тұрғындар, мақсатты аудиториялар арасында АПВ қарсы вакцинацияға деген олардың сенімін нығайтуды ақпараттық сүйемелдеуге дайын екендіктерін білдірді.