
Сібір жарасы – шөп қоректі жануарлар мен адамдар ауыратын аса қауіпті жедел инфекциялық ауру.
Адамдарға үй жануарларынан (ірі қара мал, қой, қозы, шошқа) жұғады. Жануарлар ауруды бұрын аталмыш аурумен ауырған малды көмген жерлерге жақын орналасқан жайлауда жайылып жүргенде жұқтыруы мүмкін, себебі күйдіргі қоздырғышы топырақта спора түрінде ұзақ жылдар бойы (100 жыл) сақталады. Адам күйдіргі ауруын жануарды күтіп баптау, мал сою, бөлшектеу, терісін сыдыру кезінде жарақат алғанда жұқтыруы мүмкін. Сонымен қатар ет, сүт өнімдерін пайдалану барысында және жүн теріні өңдеу барысында ауа-шаң жолымен де жұғады.
Ауру 95-97% жағдайда жергілікті (теріде) түрде өтіп, терідегі инфекцияның түскен жерінде қызыл дақтың пайда болуымен жедел басталады, дақ пустулаға кейін қара қабықшамен қапталған айналасы қызарған жараға айналады. Дене қызуы бірінші күннің соңында 39-40ºС-ге дейін көтеріліп, 5-7 күн сақталады.
Сібір жарасына азғана күдік туғанның өзінде медициналық көмекке жүгіну қажет. Ауру малмен немесе залалданған материалмен жанасқан адам 2 апта дәрігерлік бақылауға алынады.
Сібір жарасының алдын алу:
Назар аударыңыз! Өз денсаулығыңыздың қауіпсіздігі үшін ветеринарлық куәлігі жоқ, сатуға рұқсат алмаған адамдардан ет өнімдерін алмаңыз.
Есіңізде болсын: Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз!