2024 жылғы 18-19 сәуірде Алматы қаласында Еуропалық иммундау апталығы шеңберінде халықаралық конференция өтеді

2024 жылғы 18-19 сәуірде Алматы қаласында Еуропалық иммундау апталығы шеңберінде халықаралық конференция өтеді

2024 жылғы 18-19 сәуірде Алматы қаласында Кеңейтілген иммундау бағдарламасының 50 жылдығына арналған Еуропалық иммундау апталығы шеңберіндегі халықаралық конференция өткізу жоспарлануда.

Аталған конференцияның мақсаты Қазақстан Республикасында кеңейтілген иммундау бағдарламасын іске асырудағы жетістіктерді жариялау, медицина қызметкерлерінің иммундық профилактика бойынша, оның ішінде адам папилломасы вирусына (HPV) қарсы иммундау мәселелері бойынша білім деңгейін арттыру, иммундық профилактика бойынша өзекті зерттеулердің нәтижелерімен таныстыру болып табылады.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасындағы вакцинамен басқарылатын инфекциялардың эпидемиологиялық ерекшеліктерін, Қазақстанда қызылшаның өршуіне ден қоюды, эпидемиологиялық жағдайдың болжамын, Қазақстан Республикасындағы ротавирустық инфекция проблемасын, ерекше қажеттіліктері бар балалардың профилактикасының кешенді тәсілі мен мүмкіндіктерін талқылауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ конференцияның күн тәртібіне толықтыра иммундау тактикасы, әлемдегі және ҚР-дағы көкжөтелдің эпидемиологиялық және клиникалық аспектілері, адам папилломасы вирусы инфекциясы: аурудың ауыртпалығы,  эпидемиологиясы, жатыр мойны обырының алдын алу, халықтың иммундау деңгейіне әсер ететін факторлар, респираторлық инфекциялар және олардың алдын алу мәселелері де енгізілген.

Конференция жұмысына қатысуға аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің эпидемиолог-дәрігерлері, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері және облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларындағы иммундық профилактиканы ұйымдастыру мәселесіне жетекшілік ететін мамандар, еліміздің жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамының өкілдері тартылды.

Конференцияны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК, «Алматы эпидемиологтар қоғамы».

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірі аурулардың алдын алу және өмірді қорғау үшін иммундаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ вакцинациямен біркелкі қамту және халықтың вакциналарға тең қолжетімділігін арттыру мақсатында Еуропалық иммундау апталығын атап өтеді.

Ағымдағы жылы Еуропалық иммундау апталығы сәуір айының соңғы аптасында атап өтіледі. Бұл апталық ерекше маңызға ие, себебі  Кеңейтілген иммундау бағдарламасының 50 жылдығымен тұспа-тұс келеді.

Кеңейтілген иммундау бағдарламасы адамдарды ұрпақтан ұрпаққа дейін вакциналар көмегімен алдын алатын аурулардан қорғайды. ДДҰ-ның 1974 жылғы Бағдарламаны енгізу туралы бастамасы географиялық орналасуына немесе әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан әрбір бала үшін өмірлік маңызды вакциналарға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жаһандық талпыныс болып табылады.

Соңғы елу жылда бұл бағдарлама дамып, жаһандық денсаулық сақтау ландшафтын өзгерткен жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Бірнеше ұрпақтың денсаулығын сақтау бойынша Қазақстандағы Кеңейтілген иммундау бағдарламасының жетістіктері Еуропалық иммундау апталығы қарсаңында өтетін Халықаралық конференция барысында атап өтілетін болады.

Вакцинация балалар ауруы мен өлім қаупін азайтуда маңызды рөл атқарды. Иммундау созылмалы аурулары бар адамдардың, жүкті әйелдер мен қарттардың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғауға көмектеседі. COVID-19-ға қарсы вакциналар тек Еуропа өңірінде кем дегенде 1,4 миллион адамның өмірін сақтап қалды және біз COVID-19 вирусымен қатар өмір сүруді үйреніп жатқанда миллиондаған адамдарды қорғауды жалғастыруда.

Қазақстан Республикасында жоспарлы иммундау бағдарламасы қарқынды жетілдіріліп, кеңейтілді. Қазіргі уақытта бағдарлама балаларды, жасөспірімдерді және ересектерді 21 инфекцияға қарсы вакцинациялауды қамтиды.

2024 жылы жатыр мойны обырының қоздырғышы адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация Ұлттық екпелер күнтізбесіне енгізілді.

Жатыр мойны обыры - әлемде әйелдер арасында таралуы бойынша 4 орындағы қатерлі ісік. Жыл сайын 604 мың жаңа диагноз қойылған жағдайлар және жатыр мойны обырынан 342 мың өлім тіркеледі. 2030 жылға қарай жатыр мойны обырының 700 мың жағдайға дейін және өлім-жітім жағдайы 400 мыңға дейін көбейеді  деп болжануда. Сондықтан Қазақстан Республикасының Ұлттық екпелер күнтізбесіне адам папилломасы вирусына қарсы вакцинацияны  енгізу еліміздің болашақ ұрпағының денсаулығын сақтаудағы маңызды қадам болып табылады.

2024 жылғы Еуропалық иммундау апталығының негізгі хабарламалары:

- әр ұрпақ өзінің өмірін жақсы сүре алуы үшін вакциналар кез келген жастағы адамдардың денсаулығын қорғайды.

-  Вакциналар ұрпақтар бойы денсаулықты қорғап келді.

- Болашақта вакциналар одан да көп адамды қамтиды және көптеген аурулардан қорғайды.

- Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау.

Іс-шараның өтетін орны: Алматы қ. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, мекенжайы: Төле би к-сі, 94 (даңқ залы)

БАқ аккредитациясы үшін:

Байланысушы тұлға: Бекжанова Мадина Бижигитовна +77772902215 m.bekzhanova93@mail.ru

Epid@npc-ses.kz

 

Негізгі спикерлер:

Азимбаева Нуршай Юсунтаевна, ҚР ДСМ СЭБ комитетінің вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы.

Смагул Манар Асыровна, ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы»  ШЖҚ РМК басқармасының төрағасы.

Куатбаева Айнагул Мухановна, ҚР ДСМ "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК «СЭСжМҒПО» филиалының директоры.