
Норовирус — Норфолк вирусынан туындаған ішек инфекциясы.
Адамдардың жынысы мен жасына қарамастан бәрі норовируспен ауыруы мүмкін. Әдетте ауру қыста және маусымдар арасында пайда болады. Инфекция көзі – адам.
Норовирустың негізгі берілу жолдары: тамақ, су, байланыс және тұрмыстық, фекальды-ауызша.
Норовирустық инфекцияның белгілері: аурудың алғашқы белгілері 24-48 сағаттан кейін құсу, диарея, жоғарғы температура, бас ауруы және әлсіздік пайда болады.
Норовирустық инфекцияның алдын алу: жеке гигиенаны сақтау, көкөністер мен жемістерді мұқият жуу, термиялық өңделген тағамдарды, қауіпсіз су мен сусындарды тұтыну.