
2024 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында «азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мәселелері» тақырыбында бірқатар көшпелі семинарлар өткізілетін болады.
Аталған іс-шара 2024 жылдың 1 жартыжылдығына Қазақстан Республикасында «бірыңғай денсаулық» тәсілін енгізу және қолдану мәселелері бойынша ДДҰ елдік кеңсесінің Операциялық жоспарының 5-тармағын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Кодекстің Траст қорының жобасы шеңберінде ұйымдастырылады.
Алиментариус кодексі, ХАССП, микробқа қарсы төзімділік, трансмайлар, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау және т. б. стандарттарын ескере отырып, техникалық реттеу мәселелері қаралмақ.
Семинарларды Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Өскемен, Астана, Орал, Қостанай және Павлодар қалаларында жақын маңдағы өңірлердің өкілдерін шақыра отырып өткізу жоспарлануда. Семинарға ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелері, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК және Атамекен ҰКП филиалдары, тамақ өнімдерін өндірушілер қатысады.