
2024 жылғы 4 наурызда Алматы қаласында Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалының базасында Қазақстан Республикасында карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың, атап айтқанда конго-Қырым гемморагиялық қызбасының әкелінуінің, таралуының алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті.
Іс-шараға 44 адам қатысты: Комитет пен оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың өкілдері.
Семинарда аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық және эпизоотологиялық жағдайға шолу жасалып, эпидемиологиялық қадағалау, аса қауіпті инфекцияларды (тырысқақ, сібір жарасы, бруцеллез, конго-Қырым гемморагиялық қызбасы және т.б.) диагностикалау принциптері қарастырылып, өзекті мәселелер мен эпидемияға және эпизоотияға қарсы, профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру ерекшеліктері талқыланды.