
2024 жылғы 12-15 наурызда адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинация мәселелері бойынша төрт күндік республикалық тренинг өтеді.
Күні мен уақыты: 12.03.2024 ж., 09.00 сағ.
Өтетін орны: Астана қ., Керей-Жәнібек хандар көшесі 5/1, Назарбаев Университетінің Медицина мектебі, 4 қабат, 435 аудитория.
БАҚ-ты аккредиттеу үшін деректерді (БАҚ атауы, ТАӘ, ЖСН, техникалық жабдықтардың толық тізімі) а.ж. 11 наурыз сағат 16.00-ге дейін мына поштаға: zh.alpysbaev@dsm.gov.kz немесе +7 7051212153 (Жасұлан Алпысбаев) ватсап нөміріне жіберуді сұраймыз.