
Қымбатты ханымдар, құрметті әріптестер!
Комитеттің ерлер ұжымы сіздерді 8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл мереке бүкіл әлемдегі әйелдер қауымы үшін ең маңызды және жарқын мерекелердің бірі болып саналады. Саланың өркендеуіне қосқан үлестеріңіз үшін әрқайсыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз. Осындай кәсіби еңбектеріңіз үшін рақмет!
Сіздерге барлық тілектер мен армандардың орындалуын, көптеген қуанышты сәттер мен жағымды тосынсыйлар тілейміз. Жетістіктеріңіз күн сайын өсе берсін, ал жұмыс жандарыңызға жайлылық әкеліп, алға қойылған мақсаттарға жеткізе берсін.
Құрметпен,
ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ерлер ұжымы