
Биыл 4-7 наурызда Алматы қаласында жаппай қырып-жою қаруын пайдалана отырып, терроризмге қарсы күрес бойынша оқу-жаттығу бағдарламаларында әріптес елдердің әлеуетін нығайту жөніндегі БҰҰ жобасы шеңберінде семинар өтті.
Семинарға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның құқық қорғау органдары мен түрлі ведомстволарының өкілдері қатысты.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің атынан санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Ж. Қойшыбаев және Ұлттық сараптама орталығының әдістемелік және метрологиялық қамтамасыз ету департаментінің маманы Қ. Бекенова қатысты.
Семинар барысында қатысушылар ұлттық оқу-жаттығу бағдарламаларын құру, үйлестіру және мүмкіндіктер алмасу мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ оқу-жаттығуларды жобалау, әзірлеу және құжаттамалық қолдау мәселелері де талқыланды.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.