Орталық Азия сарапшылары бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде денсаулыққа қауіп төндіретін мәселелерді талқылады

Орталық Азия сарапшылары бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде денсаулыққа қауіп төндіретін мәселелерді талқылады

2024 жылғы 4-6 наурызда Ташкент қаласында (Өзбекстан) "Орталық Азияда бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде денсаулыққа төнетін қатерлерге дайындық және ден қою" 87 жобасы аясында медиа коммуникациялар және тәуекелдер туралы ақпараттандыру бойынша тренинг өтті.

Оқытуға серіктес елдердің (Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан) ұлттық сарапшылары қатысып, қауіп-қатерлер мен төтенше жағдайлар туындаған кезде денсаулыққа төнетін қауіппен және жұртшылықпен жұмыс істеу тәуекелдері туралы ақпараттандыру мәселелерін талқылады.

Қазақстан тарапынан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Г.Терлікбаева және Ұлттық сараптама орталығы департаменті директорының м. а. Д. Жүсиева қатысты.

Оқыту бағдарламасы тек теориялық қана емес, сонымен қатар нақты ситуациялық тапсырмаларды (сценарийлерді) ұсынатын практикалық сабақтарды да қамтыды. Тәжірибелік жаттығулар барысында Ұлттық жаттықтырушыларға тәуекелдерді, мақсатты аудиторияларды, олармен байланыс арналарын анықтау және талдау, мақсатты аудиториялар үшін мәтіндік хабарламалар дайындау, коммуникация жоспарын дайындау және жұртпен кері байланысты анықтау бойынша тапсырмалар берілді.

Тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.