Ағымдағы жылдың 16 ақпанында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университеті алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңес ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Аппарат басшысы Батырбек Сұлтанұлы Әбділдиннің төрағалығымен өтіп, оған Алматы қаласындағы денсаулық сақтау саласының басшылары қатысты.
Күн тәртібі бойынша алғашқы болып ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) төрағасы Нұрқан Олжабайұлы Сәдуақасов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі бойынша баяндама жасады.
Бұдан бөлек ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Арман Тастемірұлы Рахимов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Шынарай Әлімханқызы Әлімхан өз бағыттары бойынша ақпараттармен бөлісті.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен басшы Қасымхан Алпысбайұлы, басшы орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Гаухар Сұлтанқызы Каткенова, құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің басшылары қатысты.
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша Министрліктің Аппарат басшысы Батырбек Сұлтанұлы Әбділдин сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша негізгі бағыт-бағдарларды айқындап, Алматы қаласының денсаулық сақтау саласындағы ұйымдарына бірқатар ұсынымдар берді.
Сонымен қатар, аталған жиынға Министрлік пен Комитеттің Әдеп жөніндегі уәкілдері Зина Сапуанқызы Байғаскина мен Айгерім Нәбиқызы Садубаева қатысты.