Коронавирустық инфекцияның Omicron XBB штаммына қатысты ватсап мессенджердегі ақпараттың шындыққа сай еместігі туралы

Коронавирустық инфекцияның Omicron XBB штаммына қатысты ватсап мессенджердегі ақпараттың шындыққа сай еместігі туралы

Ватсап мессенджердегі таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.

ХВВ нұсқасы – әлемнің көптеген елдерінде ұзақ уақыт айналымда болған Омикрон штамының нұсқаларының бірі. ХВВ нұсқасы алғаш рет 2022 жылдың қазан айында, Қазақстанда – 2023 жылдың ақпан айында анықталды. Бүгінгі таңда әлемнің 128 елінде анықталған.

Омикрон штамының ХВВ нұсқасы тудырған аурудың белгілері басқа нұсқалармен бірдей: бас ауруы, жөтел, мұрыннан су ағу, қызба, тамақ ауруы, әлсіздік. Бұл нұсқа өте жұқпалы (инфекциялық), бірақ пациенттердің көбі қатты ауырмайды.

Ауруды болдырмау үшін келесі алдын алу шараларын қолдану қажет:

- адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу;

- қол гигиенасын сақтау;

- салқындап қалмау;

- үй-жайларды жиі желдетіп, жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды жинау жүргізу;

- халық көп жиналатын жерлерде маска тағу;

- тұмау, ЖРВИ, COVID-19 белгілері пайда болған кезде үйде болу және ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер) бармау;

- медициналық көмекке уақтылы жүгіну.