МОНША МЕН САУНАЛАРДА ЖЕКЕ ГИГИЕНАНЫ САҚТАУ

МОНША МЕН САУНАЛАРДА ЖЕКЕ ГИГИЕНАНЫ САҚТАУ

Монша, сауналар қоғамдық орындар болып саналады. Ал адамдар көп шоғырланатын жерлерде әрқашан қандай да бір аурудың пайда болу қаупі бар. Моншаларда, сауналарда инфекция көбінесе жалпы аяқ киімдерден, киімдерден, орындықтардан, аяқ кілемшелерінен, саңырауқұлақтары бар тері қабаттарымен ластанған су арқылы жұғады. Қандай да бір тері ауруларын жұқтырып  алуға немесе адамдардың өзінде бар ауруларын одан әрі күшейтіп алу  қаупі бар. Моншаларда, сауналарда  ылғалдылық пен  температура неғұрлым жоғары болса ауру жұқтыру қаупі одан сайын күшейеді.Ылғалды жылы ортада паразиттер, саңырауқұлақтар мен бактериялар белсенді көбейеді.     Терідегі шамалы зақымданулар, жарылулар арқылы инфекция теріге енуі мүмкін.

Тері инфекцияларынан басқа, басқа да қауіпті аурулардың пайда болу қаупі бар. Олардың ішіндегі ең көп тарағандары - вирустық гепатит А, көкіріңді сепсис (көкіріңді таяқша), бактериялық дизентерия, лямбиоз, саңырауқұлақ аурулары және т.б.
Жалпы  инфекцияны жұқтыру дер кезінде жүргізілмегендіктен немесе нашар жүргізілген дезинфекциялық іс-шаралар мен қажетті санитарлық талаптарға сәйкес келмеуінен болады.

"А" вирусты гепатиті - бұл адамның бауырын зақымдайтын жіті жұқпалы ауру. Вирустың гепатиттегі таралу жолы - су, сауна бассейндерінде ластанған суды жұтып қою болып табылады. Көкіріңді сепсис - бұл әртүрлі қабыну ауруларын тудыратын бактерия, мысалы фолликулит, шешек және т.б. бактерия жылы суда тез көбейеді. Бактериялық дизентерия - бұл адамдарда асқазан-ішек жолын зақымдайтын бактерия, оның белгілері: температураның көтерілуі, жүрек айнуы, құсу, құрысу және іш өту.Сондай-ақ  "А" вирусты гепатитіне ұқсас сауна, бассейндерінде ластанған суды жұту қою.

Микроспория - бұл саңырауқұлақ инфекциясы, ол көбінесе бас терісін, тері мен тырнақты зақымдайды.. Инфекцияны ортақ душқа бару және сауна бассейнінде шомылу кезінде жұқтырыуы мүмкін.

Осыған байланысты Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті монша мен сауналарға барған кезде қауіпсіздік шараларын  сақтауды ұсынады.

- Моншаға немесе саунаға бармас бұрын  өз денсаулығыңызға назар аударыңыз. Егер теріге қандай да бір зақымданулар, дерматологиялық, аллергиялық аурулар болса, барудан бас тартқан дұрыс;

- Өзіңіз баратын моншалар немесе сауналарда санитарлық нормалар мен талаптардың дұрыс сақталатынына көз жеткізу маңызды ;

- Өзіңізбен бірге жеке резеңке аяқ киіміңіз болу керек және де басқа келушілер жүретін сулы еденде жалаң аяқ тұруға болмайды;

- Сізге мекемеде берілетін сүлгілер мен ақжаймалардың тазалығына көз жеткізу керек, жалпы өзіңізбен бірге  жеке сүлгіңіздің  болғаны дұрыс.

- Қолдар мен аяқтарға арналған  дәріханаға сатылатын бактерияға қарсы спрей мен гельді, жеке спирттік салфеткалар болуы керек

- Су процедуралары кезінде суды жұтпауға тырысыңыз;

Моншаға немесе саунаға барған кезде  жоғарыда аталған  қарапайым ережелер мен ұсыныстарды сақтау арқылы өз денсаулығыңызды қорғаңыз!!!