
Ағымдағы жылғы 17-19 қаңтарда Алматы қаласында Ядролық физика институтының ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының базасында мемлекеттік органдар мен ғылыми ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «SPARCS» жетілдірілген спектрлік радиологиялық компьютерлік жүйесін оқыту және оған техникалық қызмет көрсету бойынша семинар өтті.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің атынан Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі М.Байтүгелов пен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының өкілі Н.Қожахметов қатысты.
Семинар барысында қатысушылар «SPARCS» жетілдірілген спектрлік радиологиялық компьютерлік жүйесінің, оны әуе кемелерінде және жерүсті көліктерінде пайдаланудың ерекшеліктерін қарастырды, сондай-ақ «SPARCS»-ты қолдану және оған техникалық қызмет көрсету арқылы далалық оқытуды ұйымдастырды.