ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ КАРАНТИНДІК БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТЕДІ

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ   КАРАНТИНДІК БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТЕДІ

Премьер-Министрдің орынбасары Е.Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирустық инфекцияның пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында ағымдағы  эпидемиологиялық жағдай,  халықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, шетелдегі ел азаматтарын қайтаруды ұйымдастыру және басқа да өзекті мәселелер қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов өз мәлімдемесінде қарантиндік шараларды жеңілдету барысы коронавируспен  ауырғандар  санының  көбейуіне  себеп болып отырғандығына   тоқталды.  

Осыған орай, Премьер-Министрдің орынбасары Батыс-Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары әкімдіктеріне өңір бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына бақылауды күшейту, оның ішінде шектеу шараларын күшейту мүмкіндігін қарастыру туралы тапсырма берді.  

«Өңір әкімдіктері санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауға тиіс. Талаптарды  орындамаған субъектілердің қызметін анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше уақытша тоқтату қажет. Бұл шаралар біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды», - деді Е. Тоғжанов.

   Отырыс қорытындысында Премьер-Министрдің орынбасары Е.Тоғжанов тарапынан бірнеше нақты тапсырмалар берілді.