
Ағымдағы жылдың 9-10 қаңтарында Душанбе қаласында Тәжікстан Республикасының Химиялық, биологиялық, радиациялық және ядролық қауіпсіздік агенттігінің қолдауымен химиялық, биологиялық, радиологиялық немесе ядролық дағдарыстарға (ХБРЯ) ден қою және көмек көрсету бойынша субөңірлік семинар өтті.
Семинарға Орталық Азия республикаларының (Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Армения, Грузия, Тәжікстан) мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері, оның ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен – Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері М.Байтүгелов пен А.Жүкенова қатысты.
Семинар барысында қатысушылар ден қоюдың ішкі және халықаралық мүмкіндіктерін айқындау, ХБРЯ-ның тиімді жауап шаралары үшін қажетті жүйелердің түрлерін бағалау мәселелерін қарастырды.
Семинар қорытындысы бойынша ХБРЯ кезінде жедел ден қою және көмек көрсету бойынша ұсынымдар әзірленді.