«Ottogi Ramyon Co., Ltd» » («Оттоги Рамен Ко.Лтд») компаниясы өндіретін тез дайындалатын кеспенің зертханалық зерттеулері нәтижелерінің және тиісті іс-шараларды жүргізу туралы мәліметтердің негізінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 1 қаулысымен жоғарыда көрсетілген өнімді әкелуге және өткізуге тыйым салу жөніндегі уақытша санитариялық шараның күші жойылды.
Осы қаулы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, Қазақстан Республикасының мүдделі уәкілетті органдарының, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының назарына жеткізілетін болады.