
Бүгін басқармалар мен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері басшыларының қатысуымен Комитеттің жұмыс кеңесі өтті.
Отырыс барысында 2023 жылғы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қорытындылары және 2024 жылға арналған жоспарлар туралы есеп тыңдалды.
Жалпы ағымдағы кезеңде республикалық және өңірлік ақпараттық ресурстарда 3 777 материал жарияланды. Комитеттің, аумақтық органдардың интернет-ресурстарында және ресми аккаунттарында 24 901 материал орналастырылды.
Кеңес барысында қызылшаның алдын алу және вакцинациялау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысының мәселелері талқыланды.
Ағымдағы жылдың 11 айында ОКҚ және ӨКҚ алаңдарында 167 брифинг өткізілді, республикалық және өңірлік баспа және электрондық БАҚ-та 763 сұхбат және 1 046 мақала жарияланды. Комитеттің ресми сайтында – 76 материал, аумақтық органдарда – 791, Комитеттің ресми аккаунттарында (Фейсбук, Инстаграм және Телеграм) – 228 материал, аумақтық органдарда – 13 256 материал орналастырылған.
Тек ағымдағы жылдың қараша айында қызылша бойынша 9 820 материал жарияланғанын атап өту керек.
Сондай-ақ халықпен кері байланыс мәселелері қаралды.
«Жыл бойы азаматтардың әлеуметтік желілердегі 300-ден астам өтініштері мен жағымсыз посттарына ден қойылды. Олар негізінен жазғы лагерьлердің, медициналық мекемелердің, білім беру ұйымдарының санитариялық жай-күйі, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің сапасы, вакцинация, жұқпалы аурулардың алдын алу және т.б. мәселелерге қатысты болды», - деп атап өтті Ж. Алпысбаев.
Кеңес қорытындысы бойынша аумақтық департаменттерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын және халықпен кері байланысты күшейту бойынша хаттамалық тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.