Астанада Жаңа жылды қауіпсіз өткізу мәселелері талқыланды

Астанада Жаңа жылды қауіпсіз өткізу мәселелері талқыланды

2023 жылғы 19 желтоқсанда Астана қаласы бойынша «Атамекен» ҰКП алаңында мүдделі мемлекеттік органдар (ТЖМ, ІІМ, ДСМ, ОМ) өкілдерінің және кәсіпкерлердің өңірлік палаталарының қатысуымен «Қауіпсіз жаңа жыл» республикалық акциясын өткізу туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысы аясында жаңа жылдық мерекелер кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Тамақтан уланудың алдын алу мәселесі бойынша Комитеттің Тамақтану, білім беру және тәрбиелеу объектілерін санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Г.Қожатова дөңгелек үстелге қатысушыларға қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитариялық қағидалардың талаптары туралы егжей-тегжейлі айтып берді және халыққа жаңа жылдық мерекелерге тамақ өнімдерін таңдау бойынша ұсынымдар берді.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша Жаңа жылды қауіпсіз өткізу мәселелері бойынша бірлескен ұсынымдар әзірленді.