
ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Кеден одағының тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне қойылатын техникалық регламенттерінің талаптарын оны таңбалау бөлігінде сақтау қажеттігі туралы хабарлайды.
Мәселен, Еуразиялық экономикалық одақ Кеңесінің 2018 жылы 5 желтоқсандағы № 98 шешімімен қабылданған «Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің (047/2018) 31-тармағында Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын алкоголь өнімінің тұтыну ыдысына (қаптамасына) мынадай жазба енгізу туралы талап белгіленген:
«Алкогольді шамадан тыс қолдану денсаулығыңызға зиян. Жасы 21-ге толмаған адамдарға, жүкті әйелдерге және емізулі балалары бар әйелдерге, орталық жүйке жүйесі сырқаттанған, бүйрегі және асқазан ағзасы ауыратын адамдарға алкогольдің қарсы көрсетілімі бар».