Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен!

16 желтоқсанда еліміз мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді.

Қазақстанның тәуелсіздігі 1991 жылғы 16 желтоқсанда «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданған сәттен бастап есептеледі. Бұл күн ел мерекелерінің күнтізбесіне жалпыұлттық маңызы бар оқиға ретінде енді, өйткені ол Қазақстанның тәуелсіздігі мен халықтың бостандығы үшін әртүрлі тарихи жылдары күрескендерге құрмет болып табылады.

Бұл күн ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтарының егемен мемлекет туралы шындыққа айналған арманын бейнелейді, бұл – біздің халқымыздың ең басты құндылығы, ол жылдар өткен сайын ерекше мәнге ие болып келеді.

Біздің қасиетті міндетіміз – өз өмірін халықтың бостандығы үшін күреске арнаған ұлттық батырларды еске алу.

Біздің елімізде әрқашан бейбітшілік пен келісім, гүлдену мен өркендеу салтанат құрсын. 

Тәуелсіздік күні құтты болсын!