
Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсетудің нормативтік-құқықтық актілері «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс, «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Рұқсаттар мен хабарламалар» Заңдарынан, фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары, фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері және Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарынан тұрады.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес - қызметті алушылардың өтініштері бойынша жеке жүзеге асырылатын және олардың тиісті материалдық немесе материалдық емес артықшылықтарын қамтамасыз ете отырып, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру нысандарының бірі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ешкім шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, нанымына немесе кез келген басқа жағдайға байланысты кемсітушілікке ұшырамауы керек.
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімі 3 мемлекеттік қызметті ұсынады:
1) Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру – 3 (үш) жұмыс күні;
2) Фармацевтикалық қызметке лицензия беру – 15 (он бес) жұмыс күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телқұжаттарын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
3) Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру – 10 (он) жұмыс күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телқұжаттарын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметтер, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің шегінде көрсетіледі.
Фармацевтикалық қызметтер саласындағы қызметтер электрондық форматта көрсетіледі.
Электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін департаментте «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.
Электрондық лицензиялау порталын пайдалану арқылы жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар лицензияны өздерінің елді мекендерінен шықпай-ақ ала алады. Бұл ыңғайлы, өйткені лицензиялардың көпшілігін Нұр-Сұлтан қаласында немесе облыс орталықтарында орналасқан мемлекеттік органдар береді, осыған байланысты жол жүруге материалдық шығындар бар және оған уақыт кетеді.
Егер жоғарыда аталған факторларды, сондай-ақ жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі мен кәсіпкерлердің өмір қарқынын ескеретін болсақ, электрондық лицензиялау лицензия алу процесін жеңілдетуге және жылдамдатуға көмектеседі.
Құжаттар қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: www.elicense.kz веб-порталы немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді электрондық цифрлық қолтаңба (ЭСҚ) болған жағдайда осы порталдар арқылы электрондық форматта алу мүмкіндігі бар.
Фармацевтикалық қызмет саласындағы белгілі бір қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен көрсетілген.
Дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы сақтау орындарына, көтерме және бөлшек сатуға қойылатын стандарттар мен талаптарға қатысты, қолданыстағы заңдар мен ережелерге сәйкес дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымы саласындағы объектілерге бірқатар талаптар қойылатындығын түсіндіреміз. Дәріхана меңгерушісінің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі және осы салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек, сонымен қатар дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатумен айналысатын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі болуы керек. Бес жылда бір рет қызметкерлер мамандықтарын жетілдіруден өтулері қажет. Үй-жайдың минималды ауданы кем дегенде 30 ш.м. болуы керек. Медициналық препараттар сақталған үй-жайларда ауа параметрлерін тіркейтін арнайы құрылғылар қажет. Бөлме дәрі-дәрмектерді сақтауға арналған тоңазытқыштармен, сөрелермен, сейфтермен және шкафтармен жабдықталуы керек. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы құрылғылардың айналымы үшін орталықтандырылған ыстық және салқын сумен жабдықтау жүйелері, жылу, кәріз, желдету, жарықтандыру жүйелері бар болуы керек.
Мысылы, «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша қызметті бастау үшін негіз - көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінішінің түсуі керек. Әрі қарай орындаушы анықталып, ұсынылған құжаттардың толықтығы тексеріледі. Егер өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынса, рұқсат беретін органы көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті одан әрі қараудан дәлелді жазбаша бас тарту жібереді.
Егер құжаттар толық көлемде ұсынылса, онда тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен басталады. Нәтижесінде өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылданады.
Осы қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін лицензия және (немесе) фармацевтикалық қызметті лицензиялауға қосымшасын беру болып табылады.
Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімі 24 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде 17 фармацевтикалық қызмет бойынша және есірткі, психотроптық заттар және денсаулық прекурсорларының айналымы саласында 7 қызмет көрсетілді.
Сөз соңында ауылдық жерлерде дәріханалар ашу тенденциясын атап өтуге болады. Мысалы, Жамбыл ауданының Пресновка а., Шал ақын ауданы, Айыртау ауданы, Тайыншы ауданы Красная Поляна с., Ғ.Мүсірепов ат. ауданы Новоишимка с. дәріханалар ашылды. Бұл қондырғылардың ашылуы тұрғындарға дәрі-дәрмектерді олар тұратын жерлерден шықпай-ақ сатып алуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің барлық туындаған сұрақтары бойынша Петропавл қ., Н. Назарбаев к., 236 үй мекенжайы бойынша немесе 8 (7152) 52-14-42, телефоны бойынша кеңес алуға болады.