Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі отандық кәсіпорындардың жеке қорғану құралдарын және COVID-19 диагностикасына арналған тест-жүйелерін өндіру мәселесін пысықтауда

Осыған байланысты бүгін денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Алматы қаласына жұмыс сапары барысында маска, қорғаныш костюмдері мен тест-жүйелері өндірісін жолға қойған кәсіпорындарға барды.

Людмила Бюрабекова «Каз-Диа-Тест» ЖШС жобасының іске асырылуымен және зауыттың болашақ өнімдерімен танысты. Вице-министрдің жұмыс сапары барысында «Каз-Диа-Тест» ЖШС басшылығы Денсаулық сақтау министрлігімен тығыз ынтымақтастық орнатуға дайын екенін атап өтті.

Экспресс-тест өндіретін зауыт 50%-ға дейін жергіліктендірумен өндірістің бастапқы циклінің жедел іске қосылуына ие. Сондай-ақ Алматы қаласы Алатау ауданының индустриялық аймағының аумағында АИТВ, В және С гепатиттерін диагностикалау бойынша жаңа зауыт өндірісінің толық циклін іске қосу көзделген.

Бұған қоса Людмила Бюрабекова басқа да фармацевтикалық зауыттарға барды, атап айтсақ, «Dolce» ЖШС, «Julduz Kenan Co, LTD» ЖШС және «Диамед» ЖШС.