
Бүгін денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы бойынша Алматы қаласына жұмыс сапары барысында медицина қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жаппай жұқтыруына қатысты проблемалық мәселелерді шешу және жол берілген бұзушылықтарды жою жөніндегі комиссияның шешімімен танысу үшін Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасының басшылығымен және медициналық қызметкерлерімен кездесті.
Комиссия мүшелеріне осы жылғы 5-15 мамыр аралығында жүргізілген тексеру қорытындысы хабарланды.
Объективтілік үшін тергеу нәтижелері комиссия анықтаған қорытындыларды құқықтық бағалау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.
Сонымен қатар клиникалық аурухана ұжымымен кездесу барысында Людмила Бюрабекова мен комиссия мүшелері өз пікірін білдіруге ниет еткен әрбір қызметкерді тыңдады. Барлық қызығушылық танытқан сұрақтарға түсіндірме жауаптар берілді.
ҚР ДСМ комиссиясының жетекшісі Людмила Бюрабекова атап өткендей, әңгіме өте күрделі, бірақ сындарлы түрде өрбіді. Тараптар туындаған барлық мәселелер бойынша өзара түсіністікке келді.
Өз кезегінде Алматының орталық клиникалық ауруханасының қызметкерлері вице-министрге және комиссия мүшелеріне әділ әрі дұрыс шешім қабылдап, көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.