Ыстамбұлда санитариялық эпидемиологиялық қызмет делегациялары кемелерді санитариялық инспекциялау және кеменің санитариялық куәліктерін беру мәселелерін талқылады

Ыстамбұлда санитариялық эпидемиологиялық қызмет делегациялары кемелерді санитариялық инспекциялау және кеменің санитариялық куәліктерін беру мәселелерін талқылады

2023 жылғы 27-30 қараша аралығында Ыстамбұл қаласында (Түркия) халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларға (2005) сәйкес кемелерді санитариялық инспекциялау және кеменің санитариялық куәліктерін беру мәселелері бойынша арнайы семинар өтті. 

Семинарға халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларға (2005) сәйкес кемелерді санитариялық инспекциялауды және теңіз кемелеріне кеменің санитариялық куәліктерін беруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының, Түрікменстан Республикасының және Әзірбайжан Республикасының делегациялары қатысты.

ДДҰ Еуропалық бюросының халықаралық сарапшы-жаттықтырушылары кемелерді инспекциялауды жүргізуге және кемені санитариялық бақылаудан босату туралы/кеменің санитариялық бақылаудан өтуі туралы куәлік беру/Кемелерді инспекциялау және кеменің санитариялық куәліктерін беру жөніндегі ДДҰ нұсқаулығына (ДДҰ, 2011 ж.) сәйкес теңіз кемелеріне кеменің санитариялық куәліктерін ұзарту рәсіміне байланысты презентациялар ұсынды.

Теңіз кемесін инспекциялау мәселелері бойынша алған теориялық білімдерін бекіту мақсатында Түркия Денсаулық сақтау министрлігі жолаушылар круиздік кемесіне баруды ұйымдастырды, онда халықаралық сарапшылар халықтың денсаулығы үшін қауіптің жоғары деңгейімен ұштасқан инспекциялауды бақылаудың сыни нүктелерін көрсетті.

Сонымен қатар семинарға қатысушылар алғаш рет халықаралық сарапшылар ұсынған симуляциялық аппарат арқылы теңіз кемесіне виртуалды инспекциялау жүргізді.