Қоршаған ортаға жүргізілген мониторингтің қорытындысы

Қоршаған ортаға жүргізілген мониторингтің қорытындысы

Алматы облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласында елді мекендердің ауыз су жүйесіне, су айдындарына, атмосфералық ауаның және топырақтың жағдайына мониторинг жүргізіледі.

Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг халық денсаулығы мен тiршiлiк ету ортасының жағдайына жинау, өңдеу, жүйелеу, талдау, бағалау, болжау арқылы бақылаудың, сондай-ақ халық денсаулығының және тiршiлiк ету ортасы жағдайының арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды айқындаудың мемлекеттiк жүйесi болып табылады.

Осы мониторингке сәйкес Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау органдарымен 2019 жылы келесі жұмыстар атқарылды:

  • Елді мекендерде атмосфералық ауаға зертханалық жолмен 5216 өлшем жүргізілді, оның ішінде рұқсат етілген шекті шоғырланудан 48 өлшем немесе 0,9% асқан.
  • Ауыз су көзі ретінде пайдаланылатын жерүсті су объектілері болып саналатын 1 санаттағы су қоймаларынан микробиологиялық көрсеткіштерге 305 су сынамалары алынып, оның оның ішінде 4 сынамасы немесе 1,3% (ЛКП индексі) оң нәтиже көрсетсе, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге алынған 300 су сынамаларының ішінде 3 немесе 1,0% оң нәтиже көрсетті.
  • Жаппай демалу үшін пайдаланылатын, сондай-ақ елді мекендер шегінде орналасқан жерүсті су объектілері болып саналатын 2 санаттағы су қоймаларынан микробиологиялық көрсеткіштерге 427 су сынамалары алынып, оның ішінде 17 сынамасы немесе 4,0% (ЛКП индексі нормадан жоғары) оң нәтиже көрсетсе, санитарлық-химиялық көрсеткіштерге алынған 440 су сынамаларының 16 немесе 3,6% (өлшенген заттар, аммиак,БПК-5, хлоридтер, тотығу, түсі) санитариялық талаптарға сәйкес келмеді.  
  • Топырақтан санитарлық – химиялық көрсеткіштерге 175 сынама және микробиологиялық көрсеткіштерге 181 сынама, паразитологиялық көрсеткіштерге 174 сынама алынып зерттелді.
  • Елді мекендердің орталықтандырылған ауыз су жүйелерінен санитариялық – химиялық көрсеткіштерге алынған 1062 сынаманың 25 немесе 2,35% оң нәтиже көрсетсе (түстілігі, лайлылығы және кермектілігі) микбиологиялық  көрсеткіштерге алынған 1094 сынаманың 44 немесе 4,02% санитариялық талаптарға сәйкес келмеді (колиформ бактериялары,  жалпы микробтық саны, термотолерантты колиформдық бактериялар).

Мониторинг жүргізу барысында анықталған кемшіліктер бойынша аудан, қала және ауыл әкімдеріне барлығы 10 ақпарат, санитариялық індетке қарсы және санитариялық – профилактикалық іс – шараларды жүргізу туралы қаулылар берілді, 11 айыппұл (555500 теңге көлемінде) салынды және Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық – эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуды жою жөніндегі санитариялық 12 нұсқама берілді. Сонымен қатар, «Алматы облысы бойынша экология департаменті» РММ, «Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ хаттар жолданды.