Жаңа реттеу саясаты жағдайында заңнамадағы өзгерістер бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексерулер санын және тәуекелге бағдарланған тәсілді төмендетуге бағытталған, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласы да осы бағыттан тыс қалмайды.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тексерулер саны айтарлықтай қысқарды, ерекше тәртіп бойынша тексерулер алынып тасталды, мемлекеттік бақылау адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жоғары дәрежедегі бұзушылықтар анықталған жағдайда ғана қадағалау функциясын пайдалана отырып, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде профилактикалық бақылауға бағдарланған.
Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін бақылау мынадай нысанда жүзеге асырылады:
1) тексерулер (тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде кесте бойынша және жоспардан тыс);
2) профилактикалық бақылау (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай, бару арқылы профилактикалық бақылау және өнімді бақылау мақсатында сатып алу түрінде);
3) тергеп-тексерулер.
Жоспардан тыс тексерулер Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына дәлелді негіздер және растайтын дәлелдер болған жағдайда ғана жүргізіледі.
Өнім қауіпсіздігін бақылау бақылау мақсатында сатып алу түріндегі профилактикалық бақылау шеңберінде жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша әкімшілік жаза қолданылмай, жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген негіздер бойынша бақылаудың «тергеп-тексеру» нысаны енгізілді (адам өміріне, денсаулығына зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, нақты субъектіні (объектіні) анықтау қажет болған кезде, эпидемияның, жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуы және т.б.).
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің кейбір нормаларын іске асыру мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» салалық кодекске халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлігінде түзетулер енгізілуде (түзетулері бар заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралуда).
Тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып, кейіннен «Smart Data Ukimet» бірыңғай ақпараттық-талдамалық жүйесімен біріктіре отырып, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласын автоматтандыру бөлігінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде бақылау іс-шараларының кестелерін немесе тізбелерін автоматты режимде қалыптастыру енгізіледі, осылайша бақылау субъектілерін (объектілерін) таңдау кезінде адам факторы болмайды.