ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА ЕЛДЕГІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ САЛАЛАРЫН ІСКЕ ҚОСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ  ОТЫРЫСЫНДА        ЕЛДЕГІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ САЛАЛАРЫН ІСКЕ ҚОСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін, Премьер-Министрдің орынбасары Е.Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирустық инфекцияның пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында ағымдағы  эпидемиологиялық жағдай және халықты жұмыспен қамту мақсатында қызмет салаларын қалпына келтіру мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды.

  • Аурудың минималдық өсімі аптасына 2%-ға жетпеген өңірлерде:
  • сауда-ойын-сауық орталықтарының (ойын-сауық алаңдары, фудкорттар, кинотеатрлар іске қосылмайды);
  • қоғамдық тамақтану объектілеріне (50 адамнан астам орынмен);
  • өндірістік тауарлар дүкендерінің (2 мың. м2 астам);

    - фитнес-отралықтары, спорткешендерінің;

    - СПА орталықтары, моншалар мен сауналардың;

     - балаларға арналған сауықтыру лагерьлерінің;

     - қоғамдық көліктің қызметін (шектеусіз) іске қосуға рұқсат беріледі.

  • 2020 жылғы 25 мамырдан бастап Атырау қаласымен ішкі авиа байланыс  іске қосылады.
  • 2020 жылғы 1 маусымнан:
  • Кезең-кезеңмен ішкі темір жол байланысын іске қосуға байланысты теміржол вокзалдарының қызметі санитариялық нормаға сәйкес ұйымдастырылады;
  • Қатаң санитариялық нормаларды сақтай отырып Қазақстан кәсіподақтар федерациясының қонақ үйлері мен сауықтыру санаторийлері және өңірлердегі курорттық, емдеу-сауықтыру объектілері қызметін қайта бастайды;     
  • Шетелден Қазақстан азаматтарын қайтару жұмысы жалғастырылады.

Отырыс қорытындысында Премьер-Министрдің орынбасары Е.Тоғжанов тарапынан бірнеше нақты тапсырмалар берілді.