Коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында атқарылған іс-шаралар бойынша мәлімет

Коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында атқарылған іс-шаралар бойынша мәлімет

Бүгінге Шымкент қаласында 4658 нысан мониторингпен қамтылған, соның ішінде 1229-ы – қоғамдық коммуналдық нысандар, 2660-ы – тағам нысандары, 281-і –өндірістік нысандар, 488-і –балабақшалар.

 Өз кезегінде Департамент мамандарымен төтенше жағдай енгізілген уақыттан бері тұрақты түрде объектілерде санитарлық-эпидемияға қарсы іс шаралар және көрсетілген қаулылардың орындалуы бойынша мониторинг жүргізілуде. Қазіргі таңда бұл рейдттік жұмысқа Департаменттің 100-ден астам қызметкері жұмылдырылды. 

Мониторингпен қамтылған 2660 тағам нысандарының ішінде:

- қоғамдық тамақтану орындары - 847. Оның 820-ы жабылған. Онлайн тапсырыстарды қолдана отырып тамақтарды үйге жеткізу режиміне 27 нысан көшірілген.

- сауда орындары - 913. Барлығы мониторингпен қамтылған. Азық-түлік объектілерінде бір рет қолданылатын қолғаптармен және бетперделермен, санитайзермен, дезкілемшемен қамтамасыз ету және санитарлық-дезинфекциялық өңдеу сапасы тексерілуде.

- базарлар - 13.  Барлығында күнделікті 2 реттен дезинфекциялық жұмыстар күшейтіліп жүргізілуде және жұмысы шектелгендігіне байланысты кешкі сағат 18.00-де жабылуда. Нан тоқаш өнімдері қапталған түрде, қалған тағам өнімдері беті жабылып, сатылуда. Сатушылардың және тұтынушылардың базар аумағына кіруі үшін бетперделер киюі және сатушылар қызмет көрсету кезінде бір рет қолданылатын қолғаптар киюі міндеттеліп, бақылануда. Радиорубка арқылы коронавирустың алдын алуы бойынша халыққа үздіксіз мәлімет берілуде.

- тамақ өнеркәсібі - 182. Барлығында күнделікті 2 реттен дезинфекциялық жұмыстар күшейтіліп жүргізілуде және жұмысы шектелгендігіне байланысты кешкі сағат 18.00-де жабылуда. 

 Сонымен қатар, 1229 қоғамдық коммуналдық нысандар мониторингпен қамтылды, оның ішінде 26-ы жабылған. Қалған 1203 объектіде қолға арналған антисептикалық құралдармен, сұйық сабынмен, дезинфекциялық кілемшелермен, санитайзерлермен қамтамасыз етілген.

          Қала аумағын өңдеу мақсатында коммуналдық және әскери қызметтерді тарта отырып, қала көшелерін дезинфекциялау бойынша 20 бағытта жұмыстар жүргізілуде. Қалада  83 арнайы көліктермен 630 маман, қосымша 100  әскери қызметкерлер, 50 «Жасыл қала» ЖШС мамандары  жұмылдырылып,  мердігер мекемелерімен бірлесе зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

          Өсімімен бүгінгі күнге дейін  қалада  9623 көше, 37 гүлзарлар мен 8 саябақ, 5872 аялдамалар, 3094 қоқыс алаңшасындағы контейнерлер, 1771 кварталаралық аумақ, 9260 көпқабатты үйлер подъездері  залалсыздандырылды.

Қазіргі таңда қоғамдық көлік жұмысының жағдайына белсенді мониторинг жүргізілуде.       

 Бүгінгі күнге өсімімен  3573 көлік бірлігі тексерумен қамтылды. Көліктерге бағытқа шығар алдында және жұмыс уақыты соңында зарарсыздандыру жүргізілуде. Барлық  жүргізушілер мен кондукторлар    антисептикалық құралдары, бетперделер және арнайы киімдермен қамтамасыз етілген.

Одан басқа қалада орналасқан банк филиалдарымен жұмыс жүргізілді. Банк қызметкерлері мен клиенттердің (пирометрлермен, портативті тепловизорлармен) температурасын өлшеу, кезектерде (1,5 метрден кем емес) ара-қашықтықты сақтау, маскалық режим, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу, ғимараттардың ішінде және сыртында орналасқан банкоматтар, кассалар мен сауда нүктелерінің жанында ұйымдастырылмаған кезектердің болуына жол бермеу сұрақтары бойынша 15 банк филиалдары және 48 «Казпочта» АҚ мониторингпен қамтамасыз етілді. 

Мониторинг нәтижесінде барлығы 127 әкімшілік шара қолданылды (19 әкімшілік қамауға алынды, 43 айыппұл салынды, 62 ескерту берілді, 3-жұмыс үстінде). Шара қолдануға себеп болған негізгі кемшіліктер: дезинфекциялық режимнің сақталмауы, санитайзермен, дезкілемшемен қамтамасыз етілмеу, бетперде режимін сақтамау, арнайы киім, қолғаптардың болмауы.

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.05.2020ж. №16 және 10.05.2020ж. №17 Қаулыларына сәйкес, 1422 нысан (сауда, қызмет көрсету, қаржы және т.б.) 2020 жылғы 04 және 12 мамырдан бастап жұмысын қайта бастады. Бүгінгі күнде мониторинг жалғасуда.