Павлодар облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

Павлодар облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

Қызылша – жоғары контагиозды жіті вирустық ауру, ол ауа-тамшылы жолмен таралады және күрделі асқынулар мен өлімге әкелуі мүмкін. Қызылша круп (көмей стенозы), қызылша энцефалиті (мидың қабынуы), менингит (ми қабығының қабынуы), пневмония (өкпенің қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті. Кез-келген асқынудан науқас мүгедек болып қалуы немесе қайтыс болуы мүмкін.

Павлодар облысында ағымдағы жылдың басынан бері өңірдің 186 тұрғынында «қызылша» диагнозы расталды. Оның ішінде Екібастұз қаласында – 92 жағдай, Павлодар қаласында – 57 жағдай, Ақсу қаласында – 25 жағдай, Баянауыл ауданында – 6 жағдай, Ақтоғай, Успен, Май, Железинка аудандарында – бір жағдайдан, және Тереңкөл ауданында – 2 жағдай тіркелді.  

Қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуі ата-аналардың балаларды вакцинациялаудан бас тарту себебі бойынша вакцинацияланбаған балалардың есебінен қалыптасады, олардың үлесі ауру балалар санының 84%-ын құрады.

Халық арасында аурудың одан әрі таралуын болдырмау мақсатында 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау басталды. Ол қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан 6-11 айлық, 2-4 жастағы балаларға, сондай-ақ қызылшаға қарсы профилактикалық иммундауы жоқ медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне қатысты.

Ағымдағы жылдың 24 қарашасына қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау науқанында 3456 адам егілді, оның ішінде: 6-11 айлық – 895 бала, 2-4 жастағы – 987 бала және 903 медицина қызметкері.

Толықтыра иммундау аясында 1 жастан 30 жасқа дейінгі 671 адам егілді.  Бұған дейін (2023 жылғы наурыздан бастап қазанға дейін) 1 жастан 17 жасқа дейінгі 3742 адам егілді.

Есіңізде болсын, қызылша барлық жастағы адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіпті. Ауырмаған және вакцинацияланбаған адамдарда қызылшаға бейімділік – 100%. Профилактикалық егулерден жаппай бас тартқан кезде, инфекциялар қайта оралады. Қазіргі эпидемиологиялық жағдай мұның тікелей дәлелі.