
Қостанай облысында қызылша ауруының тіркелген жағдайларының саны 118-ге жетті. Науқастардың негізгі бөлігі 14 жасқа дейінгі екпе алмаған балалар – 58 жағдай. Сырқаттанғандардың басым бөлігі Қостанай қаласында – 78 адам. Қарабалық (2), Қостанай (6) аудандарында және Рудный қаласында (13) сырқаттанғандар бар.
Ауырғандардың ішінде 23 адам егу жасына жетпеу себебінен егілмеген, 11 адам медициналық қабылдамау себебінен, 39 адам вакцинадан өз еркімен бас тартқан. Қызылшамен ауырған 28 тұрғынның егу мәртебесі белгісіз.
Қызылша – өте жұқпалы жіті вирустық ауру, ол ауа-тамшылы жолмен таралады және ауыр асқынулар мен өлімге әкелуі мүмкін. Өзіңізді және балаларыңызды осы инфекциядан тек вакцинацияның көмегімен қорғауға болады. Қызылшаға қарсы вакцина – бұл аурудан және ауыр асқынулардан жалғыз сенімді қорғаныс.
6 қарашада Қостанай облысының медициналық ұйымдарында 6-10 айлық балаларды қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚҚП) қарсы қосымша иммундау басталды. Желтоқсан айында қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жастағы балалар вакцинациялана алады. Алғашқы күндері 1122 бала қосымша иммундау алды.
Қызылша бойынша күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты елде қосымша иммундау енгізілді. Қостанай облысында сырқаттанушылықтың жоғары шегі маусым айында 48 жағдайға жетті. Қалған айларда аурушаңдық 2-ден 7 жағдайға дейін болды.