
Қызылшамен сырқаттанушылықтың халық арасында одан әрі таралуының алдын алу мақсатында елімізде қосымша жаппай иммундау (ҚЖИ) басталды.
22 қарашада ҚЖИ-мен 65 мыңнан астам бала қамтылды. Республикада қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинаның 228 мыңнан астам дозасы бар.
Сондай-ақ 500 мың доза көлемінде қосымша вакцина сатып алынды, ол бүгін Алматыға әкелінді.
Елімізге жеткізілген «Serum Institute of India» шығарған вакцина өндірілетін вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін ДДҰ-ның алдын ала біліктілігіне ие.
Бұл вакцина 60 жыл бойы қолданылып келеді және өзін қызылшаның таралуын тоқтату үшін қауіпсіз және тиімді вакцина ретінде көрсетті.
Құрметті ата-аналар, есіңізде болсын! Баланың денсаулығы – мемлекет үшін басымдық, ал баланы инфекциялардан қорғаудың негізгі әдістерінің бірі – уақтылы вакцинациялау.
Вакцинация – қызылшадан қорғанудың ең сенімді әдісі, ол берік иммунитетті қалыптастырады және аурудың дамуына жол бермейді.
Балаңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда. Балаңызға вакцинацияны уақтылы алуға және еліміздің дені сау азаматы болып өсуге көмектесіңіз.