Шығыс Қазақстан облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Шығыс Қазақстан облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Ағымдағы жылғы 22 қарашадағы жағдай бойынша ШҚО-да қызылшаның 87 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Науқастардың негізгі үлесі 83,9%-ды – 14 жасқа дейінгі балалар құрайды (73 жағ.), 14,9% жағдай – ересектерде (13 жағ.) және 1,1% жағдай – жасөспірімдерде (1 жағ.).

Аурушаңдық жағдайлары келесі аумақтарда тіркелген: Глубокое ауданында – 3, Зайсан – 1, Алтай – 2, Самар – 8, Ұлан – 3, Өскемен қаласында – 70.

Сырқаттанушылық негізінен екпе алмаған адамдар арасында тіркелді – 71 адам (оның ішінде 18 жағ. – жоспарлы вакцинация жасына жетпеу, 23 жағ. – медициналық қарсы көрсетілімдер, 26 жағ. – вакцинациядан бас тартқандар, 4 жағ. – мүмкіндікті жіберіп алғандар), вакцинацияланған адамдар 3 адамды және 13 жағдайда белгісіз иммундық мәртебені құрады.

Эпидемиологиялық тергеу сырқаттанушылық 13 жағдайда Алматы, Атырау, Ыстамбұл (Түркия) қалаларындағы және Тәжікстандағы байланысқа түсуге қатысты екенін анықтады.  

Ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар толық көлемде жүргізілді, медициналық бақылаумен 4719 адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 3435 бала қамтылды. Барлық қарым-қатынаста болғандарға медициналық бақылау 21 күн жүргізіледі.

Байланыста болған 440 адамның 327-сі шұғыл екпе алды.

Халық арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚҚП) қарсы 6-11 айлық балаларды, қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жастағы балаларды қосымша жаппай иммундау (ҚЖИ) басталды. 2023 жылғы 21 қарашаға ҚЖИ бойынша 6-11 айлық 1511 бала, 2-4 жастағы 19 бала екпе алды.

Құрметті ата-аналар, облыс тұрғындары, егер сіздердің жақындарыңыз бен балаларыңыз қызылша індетіне қарсы екпе алмаған болмаса, оларға дереу тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарға барып індетке қарсы екпе алу қажет. Есте сақтаңыздар! Аталған індеттің алдын алудың ең тиімді жолы – қызылшаға қарсы екпе алу. Қызылшаға қарсы нақты емнің жоқтығы бәріне белгілі.