Ақтөбе облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Ақтөбе облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Ағымдағы жылғы 20 қарашаға қызылша инфекциясына күдікті 3 368 жағдай тіркелді, оның ішінде Ақтөбе қаласында – 2 367 жағдай, Мұғалжар – 417, Ырғыз – 212, Хромтау – 75, Алға – 50, Байғанин – 51, Темір – 63, Шалқар – 28,  Мәртөк – 27, Әйтеке би – 17, Ойыл – 9, Қобда – 6  және Қарғалы аудандарында 1 жағдай тіркелді.  

Оның ішінде зертханалық әдіспен расталғаны 1 250 жағдай (37,1%) расталды (Ақтөбе қаласында – 898 жағдай, Мұғалжар – 183, Ырғыз – 68, Байғанин – 24, Алға – 21, Мәртөк – 14,  Шалқар – 15, Хромтау – 15, Темір – 8, Әйтеке би – 3, Ойыл – 2 және Қарғалы аудандарында – 1 жағдай).  

Тіркелген қызылша ауруының 84%-дан астамы қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар арасында тіркелгенін, бұл ретте 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар - 87% (571) және 1 жасқа дейінгі балалар - 31% (215) анықталғанын атап өту қажет.

Қызылшаға қарсы эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу барысында 3 001 ошақ тексерілді. Барлығы 49 482 байланысушы адамдар анықталып,  медициналық бақылауға алынды.

Қосымша жаппай иммундау шеңберінде ағымдағы жылғы 20 қарашаға 3 575 адам қызылшаға қарсы иммундаумен қамтылды. Екпе алғандардың арасында иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.  Қызылша – асқынуларға әкеп соғуы мүмкін (отит, пневмония, паненцефалит, ауру өлімге әкелуі ықтимал) жіті жұқпалы вирустық ауру.  

Қызылша ауруымен ауыратын науқас айналасындағыларға бөртпе пайда болардан 4 күн бұрын және пайда болғаннан кейін 4 күн ішінде қауіпті. Ауру жұқтырғаннан кейін 7-18 күн ішінде дамиды (инкубациялық кезең).

Қызылшаға қарсы екпені тұрғылықты жері бойынша емханаға хабарласып, тегін алуға болады.

Құрметті  азаматтар!

Тағы да естеріңізге сала кетсек, қызылшадан қорғанудың жалғыз және тиімді әдісі – вакцинация!

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізеген дұрыс.