Сарапшылар АПВ вакцинациясын енгізу кезіндегі тиімді коммуникация және халықпен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

Сарапшылар АПВ вакцинациясын енгізу кезіндегі тиімді коммуникация және халықпен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

Бүгін «Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинацияға жалпыға бірдей қол жеткізу, тиімді коммуникация және халықпен өзара іс-қимыл арқылы жатыр мойны обырын жою» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын жалғастырды.

Конференцияның екінші күні ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Н. Сәдуақасов пен ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі Скендер Сыланың құттықтау сөздерімен басталды.

Өз сөзінде Н.Сәдуақасов АПВ вакцинациясын енгізу кезінде халықпен тиімді қарым-қатынастың маңызды рөлін атап өтті.

Конференция барысында қоғамдық денсаулық сақтаудағы, оның ішінде вакцинация саласындағы коммуникация тәуекелінің халықаралық және өңірлік тәжірибелеріне шолулар ұсынылды.

Атап айтқанда, шетелдік (Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, ДДҰ Еуропалық бюросы) және отандық сарапшылар денсаулық сақтау саласындағы ТЖ кезінде халықпен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, COVID-19 кезіндегі коммуникация тәуекелінің тәжірибесімен бөлісті.

Қоғамдық сенім мен халықпен қарым-қатынас кезінде инфодемиямен күреске қатысты мәселелер ең белсенді пікірталас тудырды.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар АПВ-ға қарсы вакцинацияны тиімді енгізу және дағдарыс жағдайындағы коммуникация стратегиясын дұрыс құру үшін ұсынымдар әзірледі.