
2023 жылғы 14-15 қарашада Бішкек қаласында Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің төрағалығымен ТМД Денсаулық сақтау ынтымақтастығы кеңесінің XXXVI отырысы өтті.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Н.О.Сәдуақасов қатысты.
Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық кеңесі бүгінгі күні өзінің өзектілігін және тиімділігін дәлелдеген денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекетаралық диалогтың жетекші және тұрақты алаңы болып қала береді.
Кеңестің күн тәртібінде денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері және ТМД форматындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Атап айтқанда, ұтқырлық және қолжетімділік бағытында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастырудың тиімді тәсілдері талқыланды, сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы кадрлық мәселелер, клиникалық нұсқауларды әзірлеуге көзқарас, пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, диагностикалық және бақылау құралдары қант диабеті, туберкулез және онкологиялық аурулармен күрестегі жетістіктер, денсаулық сақтау саласының дамуы талқыланды.
Кеңес мүшелері трансфузиология және аумақтарды санитариялық қорғау саласында бірқатар құжаттарды қабылдады, базалық ұйымдардың, комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін қорытындылады.
Отырыста Кеңес шешімдері мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы жоғары органдарының бастамаларын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Кеңес отырысында сөз сөйлеген Н.О.Сәдуақасов қазақстандық денсаулық сақтаудың пациентке бағдарланған моделін дамыту перспективалары туралы айтты.
Сондай-ақ ол қатысушыларды «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы хабардар етті, бұл ауылдағы МСАК объектілерін салумен және реконструкциялаумен, оларды жарақтандырумен, ірі қалаларға барудың қажеттілігінсіз, оның ішінде телемедицина және қашықтықтан медициналық қызметтер арқылы мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндігімен байланысты.
Сөзінің соңында Н.Сәдуақасов ТМД-ға мүше мемлекеттерді Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша елдердің коалициясына қосылуға шақырды, осылайша олардың жалпы денсаулық сақтаумен қамтуға қол жеткізудегі маңызды рөліне жоғары бейілділігін және оны өз елінде нығайтуға ұмтылысын растады.