
Бүгін Астана қаласында Назарбаев Университеті Медицина мектебінің базасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдігінің және Еуропалық Одақ делегациясының қолдауымен «Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинацияға жалпыға бірдей қол жеткізу, тиімді коммуникация және халықпен өзара іс-қимыл арқылы жатыр мойны обырын жою» тақырыбында екі күндік халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды.
Конференцияға ДСМ, ДДҰ және ЕО өкілдіктерінің, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізу жөніндегі облыстық үйлестірушілер, ведомстволық бағынысты ұйымдар (ҰҚДО, ДСДРО), акушер-гинеколог дәрігерлер, онколог дәрігерлер, жалпы практика дәрігерлері, ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарының ғалымдары мен сарапшылары, халықаралық ұйымдар қатысты.
Конференцияның салтанатты ашылуында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Нұршай Әзімбаева, ДДҰ-ның Қазақстандағы иммундау бағдарламасының үйлестірушісі Қанат Суханбердиев, ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігінің бағдарламалық менеджері Юрий Скаскевич және Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің медицина жөніндегі вице-президенті-деканы Массимо Пиньятелли сөз сөйледі.
Конференция спикерлері Австралия, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ, Орталық Азия, Қазақстан және ДДҰ елдерінен ұсынылған.
Конференцияның бірінші күні жатыр мойны обырының алдын алу, соның ішінде АПВ-ға қарсы вакцинация мәселелері талқыланды.
Қазақстанда, Орталық Азия елдерінде, Еуропа өңірі елдерінде және әлемнің басқа елдерінде жатыр мойны обырының таралуына шолулар зерттелді және қаралды.
Тайланд, Жапония, Ұлыбритания, Австралия, АҚШ, Қырғызстан және Өзбекстан сарапшылары АПВ-ға қарсы иммундауды енгізу тәжірибесімен бөлісті.
Қазақстан тарапынан Комитеттің Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Н. Әзімбаева сөз сөйлеп, 2023-2025 жылдарға арналған ҚР-да АПВ-ға қарсы 11 жастағы қыздарды вакцинациялауды енгізу жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыруға дайындық барысы туралы айтты.
Анықтама: Қазақстанда жыл сайын ЖМО-ның 1,6 мыңнан астам жағдайы тіркеледі және 500-ден астам әйел қайтыс болады. ЖМО-ның дамуы әйелдің АПВ инфекциясына байланысты екендігі ғылыми дәлелденген. Бүгінгі таңда АПВ инфекциясының алдын алудың және ЖМО дамуының жалғыз әдісі вакцинация болып табылады.
Конференцияның бірінші күнінің қорытындысы әлемнің үздік тәжірибелерін ескере отырып, АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізу бойынша ұсынымдармен қорытындыланды.