
Адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау үшін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Солтүстік Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті 1 тоқсанда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтарды анықтауға және алдын алуға бағытталған бақылау жүргізді.
2020 жылдың 1 тоқсанында облыс аумағында 74 сауда объектілерінде сатып алу өткізілді, өнімнің 947 үлгісі зерттелді, оның ішінде 176 (18,5%) үлгілер техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді (2019ж. 1244/267 -21,5%).
Азық-түлік өнімдерінің 487 үлгісі сатып алынды және зерттелді, оның ішінде 54 (11 %) үлгі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді.
Стандартты емес сынамалардың үлес салмағы ең жоғары:
ет және ет өнімдері - 27,1 % (107/29)
құс еті және құс өнімдері - 10,3 % (97/10)
сүт және сүт өнімдері - 5,5 % (54/3)
1 тоқсанда балық және балық өнімдерінің, май өнімдерінің, шырын өнімдерінің, арнайы тамақ өнімдерінің, балалар тағамдарының зерттелген үлгілері КО ТР талаптарына сәйкес келді.
Азық-түлік емес топтан 460 үлгі зерттелді, оның ішінде 122 үлгі ТР талаптарына сәйкес келмеді (26,5%).
Азық-түлік емес топтан сәйкес келмейтін өнімнің ең үлкен % - ы:
балалар ойыншықтары - 53,3% (120/64)
балаларға арналған бұйымдар – 36,8 % (38/14)
жеңіл өнеркәсіп өнімдері - 35 % (40/14)
тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдар - 48.2 % (29/14).
Департамент қызметкерлерімен жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша 2020 жылдың 1 тоқсанында кәсіпкерлік субъектілеріне ҚР заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 35 нұсқама берілді, «Тұтынушыларды алдау» ҚР ӘҚБтК 190 бабы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тамақ өнімдерін өндірушілер бойынша 4 материал ПД-не жолданды.