
Қызылша – қызба, интоксикация, папулезды бөртпенің кезең-кезеңімен пайда болуымен, конъюнктиваның және жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен сипатталатын жіті инфекциялық жоғары контагиозды вирустық ауру.
Абай облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. Ағымдағы жылы Абай облысында қызылша ауруының 71 расталған жағдайы тіркелді. Науқастардың жалпы санының 76%-ы 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі. тіркелген қызылша жағдайларының жалпы санының 77,4%-ын вакцинацияланбағандар құрайды, оның ішінде науқастардың 38%-ы – ата-аналары екпе алудан бас тартқан және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар екпе алмаған балалар, 22,5%-ында алған екпе туралы мәліметтері жоқ, ал 16,9%-ы егу жасына толмаған балаларға тиесілі.
Халық арасында сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында 2023 жылғы 1 қарашада «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 7 қаулысы бекітілді. Осы қаулыға сәйкес 2023 жылғы 6 қарашадан бастап ҚР аумағында, оның ішінде Абай облысында қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан 6 айдан 10 ай 29 күн аралығындағы балаларға қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізу басталды, ал 5 желтоқсаннан бастап 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға егілетін адамның немесе ата-анасының (заңды өкілдерінің) хабардар етілген келісімін алғаннан кейін қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізілетін болады.
Абай облысы бойынша қосымша жаппай иммундауға жататын контингенттердің саны айқындалды.
Қосымша иммундаудан басқа Қазақстан Республикасының Ұлттық күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация екі рет: біріншісі 1 жаста, екіншісі 6 жаста және жедел көрсеткіштер бойынша қызылшамен ауыратын адаммен қатынаста болған 30 жасқа дейінгі адамдарға жасалады.
Вакцинация тұрғылықты жері бойынша облыстың емханаларының барлық егу кабинеттерінде тегін жүргізіледі. Қызылшаны емдеудің тиімді және арнайы әдісі жоқ.
Есіңізде болсын, вакцинация – баланы қызылшадан қорғаудың ең сенімді әдісі, қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундауға шақырамыз!