Н.Сәдуақасов облыстық клиникалық аурухана ұжымын құттықтады

Н.Сәдуақасов облыстық клиникалық аурухана ұжымын құттықтады

Бүгін Түркістан қаласында Облыстық клиникалық аурухананың 155 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің атынан конференцияға қатысушылар алдында Комитет төрағасы Н.Сәдуақасов құттықтау сөз сөйледі.

«155 жылдық мерейтой бұл тарихи кезең ғана емес, оның кезеңдері, нақты адамдар мен істері бар тұтас дәуір. Бұл мерейтойда дәрігерлердің, медбикелердің, аурухананың барлық медициналық қызметкерлерінің зор үлесі және жанқиярлық еңбегі бар. Клиникалық аурухананың барлық ұжымына зор денсаулық, амандық, тұрақтылық және алдағы жылдарға өркендеу тілеймін!», - деп құттықтады Н.Сәдуақасов.

Ол өңірдегі клиникалық аурухана – облыс халқының денсаулығын сақтауға және нығайтуға үлес қосатын еліміздегі ең көне ауруханалардың бірі екенін атап өтті.